News.KZ
← Назад к ленте
📰 Фоновое👥 Общество

"Заң мен тәртіп: адалдық, қауіпсіздік, болашақ": Ұлытау облысында ауқымды форум өтті

В Улытауском районе прошел форум для молодежи, посвященный вопросам безопасности и правопорядка.

💡 ФОРУМ "ЗАҢ МЕН ТӘРТІП"

Ұлытау ауданында жастардың басын қосқан ерекше форматтағы форум өтті. 300-ге жуық мектеп оқушысы, полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері және жергілікті әкімдік қатысып, қоғамдағы қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу, зиянды әдеттерден сақтану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру секілді маңызды тақырыптарды талқылады.

Форум барысында кинология қызметінің көрсетілімі ерекше қызығушылық тудырды. Қызметтік иттердің шеберлігі мен тәртіп сақшыларымен үйлесімді әрекеті көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Еркін форматта өткен кездесуде жастар мен құқық қорғау органдары арасында ашық диалог орнап, адалдық пен қауіпсіздік құндылықтарының маңызы кеңінен насихатталды.

"Заң мен тәртіп" форумы — жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, саналы қоғам қалыптастыруға үндейтін маңызды алаңға айналды.


#форум #жастар